Украиналық футболшы допинг қолданғаны үшін футболдан 4 жылға шеттелуі мүмкін

Украиналық футболшы допинг қолданғаны үшін футболдан 4 жылға шеттелуі мүмкін

Англия футбол қауымдастығы (FA) Лондонның «Челси» клубы мен Украина құрамасының жартылай қорғаушысы Михаил Мудрикке ресми түрде антидопинг ережелерін бұзғаны үшін айып тақты.

Ойыншыдан 2024 жылдың соңында алынған допинг сынамасынан мельдоний анықталған еді. Бұл зат Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) тыйым салған тізімде тұр.

FA мәлімдемесіне сәйкес, Мудрикке антидопинг кодексінің 3 және 4-баптары бойынша айып тағылып отыр. Егер айып дәлелденсе, ойыншы төрт жылға дейін футболдан шеттетілуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или