Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter 33 жобасында дебют жасайды

UFC-дің әйгілі The Ultimate Fighter реалити-жобасының 33-маусымында Қазақстан атынан қатысып жатқан файтер Әліби Ыдырыс (10–0) өзінің алғашқы қарсыласының есімін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айта кетейік, қазақстандық жауынгердің жаттықтырушысы UFC тарихындағы екі салмақ дәрежесінде чемпион атанған Даниэль Кормье болады.
25 маусым күні, Әліби октагонда өзбекстандық тәжірибелі спортшы Фуркатбек Йокубовпен (14–4) кездеседі. Жекпе-жек ең жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді. Қоса кетейік, 30 жастағы Йокубов – кикбоксингтен әлем чемпионы, ал бұл шоуда ол UFC-дің бұрынғы чемпиондыққа үміткері Чейл Сонненнің командасында сынға түседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или