«Қайрат» тағы бір бразилиялықты қатарына қосады

«Қайрат» жақын уақытта Рикардиньо деген бразилиялық шабуылшымен келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы инсайдер Владимир Жарков хабарлады.
Алматылықтар 24 жастағы футболшыны «Виктория Пльзень» клубынан сатып алу мүмкіндігімен бір жылға жалға алып жатыр.
Осы жылдың басынан бері Рикардиньо «Маккаби Хайфа» сапында өнер көрсетті. Бұған дейін Бразилияның «Гремио», Португалияның «Маритиму», Болгарияның «Левски» командаларында доп тепкен.
Бұған дейін «сары-қаралар» Эдмилсон деген бразилиялық шабуылшының ауысқанын хабарлаған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или