Бақтиер Зайнутдинов «Реал Мадридке» ауысуы мүмкін

Бақтиер Зайнутдинов «Реал Мадридке» ауысуы мүмкін

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов испаниялық «Реал Мадрид» клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

A Bila Sports түркиялық басылымының ақпаратына сенсек, «Бешикташ» испаниялық клубқа 25 жастағы сол қанаттағы қорғаушы Фран Гарсияның трансферіне қатысты ұсыныс жасауға дайындалып жатыр. Аталған мәмілеге олар 27 жастағы Бақтиер Зайнутдиновты қосқысы келеді екен.

Айта кетейік, Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташ» клубымен 2023 жылдың 18 тамызында келісімшартқа қол қойған болатын. Арадағы келісімшарт 2027 жылдың 30 маусымына дейін ғана жарамды. 

Зайнутдинов бұған дейін қазақстандық «Тараз», «Астана» футбол клубтарында, сонымен қатар Ресейдің «Ростов» және ЦСКА командаларында доп тепті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или