Қазақстандық палуан 23 жасқа дейінгі санатта Азия чемпионы атанды

Қазақстандық палуан 23 жасқа дейінгі санатта Азия чемпионы атанды

Вьетнамның Вунгтау қаласында өтіп жатқан U17-23 жас санатындағы күрес түрлерінен Азия чемпионатында команда қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грек-рим күресінен Ұлттық құрама спортшысы Исхар Құрбаев 60 кг дейінгі салмақта топ жарды. Финалда өзбекстандық қарсыласы Мехродж Бахрамовты 9-2 есебімен жеңді. 

Айта кетейік, Исхар 2023 жылы осы санатта (U23) 55 кг дейінгі салмақта әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или