Садақ атудан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы финалға шықты

Садақ атудан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы финалға шықты

Садақ атудан Сингапурда өтіп жатқан Азия кубогының кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің мәліметінше, блоктық садақ атудан командалық сында ел намысын Андрей Тютюн, Ділмұхамед Мұса және Бунед Мирзаметов қорғап жатыр. 

Ширек финалда ұлттық құрама Филиппин командасынан 229:223 есебімен басым түсті. 

Ал жартылай финалда мергендеріміз Малайзияны бір ұпай айырмашылығымен – 232:231 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, финалда Қазақстан құрамасы Үндістанмен кездеседі.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или