Бұрынғы құрылысшы — бүгінде чемпион: Рүстем Құдайбергенов ММА-ге қалай келгенін айтты

Бұрынғы құрылысшы — бүгінде чемпион: Рүстем Құдайбергенов ММА-ге қалай келгенін айтты

«Alash Pride» лигасының бұрынғы чемпионы Рүстем Құдайбергенов Sport+ телеарнасының қонағы атанып, құрылыс саласындағы жұмысынан кәсіпқой ММА-ға қалай келгені туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.

«ММА-ға дейін Астанадағы құрылыс компаниясында жұмыс істедім, фасад жасап жүрдім. 2018 жылы әлеуметтік желілерден Tobet Top Team-ның видеоларын қарап, Евгений Егембердиев пен Арман Оспанов ағаларымыздың жекпе-жектеріне қызығып жүрдім. Сонда мен де „осы ‚Alash Pride‘ лигасының киімін кисем ғой“ деп армандайтынмын. Сөйтіп алдымен Tobet Top Team залында жаттыға бастадым, кейін Таразға көшіп, Серік Тлекиев есімді бапкердің қарамағында жаттықтым. Сол жерде төбелесе бастадым. Кәсіби спортшы болуға деген ынта болды, бірақ кәсіпқой жекпе-жектерге шығатыныма соңына дейін сенімді болмадым», — деді Рүстем.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или