Қазақстандық спортшылар Түркияда ең қымбат ойыншылар қатарындағы мәртебесін сақтап қалды

Қазақстандық спортшылар Түркияда ең қымбат ойыншылар қатарындағы мәртебесін сақтап қалды

Бақтиёр Зайнутдинов пен Абат Аймбетовтың трансферлік нарықтағы құны төмендеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Legalbet сайтына сілтеме жасап.

«Бешікташ» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысының болжамды бағасы 300 мың еуроға азайып, қазір үш миллион еуроны құрап отыр. Өткен маусымда Зайнутдинов ыстамбұлдық клуб сапында 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген.

«Адана Демирспор» клубында ойнайтын Абат Аймбетовтың да құны төмендеді — минус 50 мың еуро. Қазіргі бағасы — 450 мың еуро. 2024/25 маусымында шабуылшы 28 матчқа қатысып, 5 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или