UFC-дің бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвилидің белбеуіне нақты үміткерлерді атады

UFC-дің бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвилидің белбеуіне нақты үміткерлерді атады

Жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Ти Джей Диллашоу қазіргі белбеу иегері — грузиялық файтер Мераб Двалишвилидің ықтимал қарсыластары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің ойымша, Умар Мерабты жеңе алатын еді. Умар Двалишвилимен екінші рет айқасқанда, титулды жеңіп алу үшін бар күшін салу керектігін түсінеді. Сол кезде Умар оны жеңе алады. Мераб пен Сэндхагеннің жекпе-жегін келесі кездесу ретінде қатты көргім келеді. Әрине, мен Двалишвили мен Алджамейн Стерлинг арасындағы жекпе-жекті де көргім келеді. Стерлинг Мераб үшін нағыз сын болуы мүмкін және чемпионды жеңіп кетуі де ғажап емес», — деді Диллашоу JAXXON Podcast жобасына берген сұхбатында.

Еске салайық, маусым айының басында Двалишвили титулын сәтті қорғап, Шон О’Мэллиді жеңді. Бұған дейін, қаңтар айында, ол ресейлік Умар Нурмагомедовті де төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или