Қазақстан чемпионатының 12-туры: көрермен ең көп жиналған матч анықталды

ҚПЛ 12-турындағы «Ордабасы» — «Елімай» кездесуі көрермен ең көп жиналған матч болды, бұл матчқа 6500 жанкүйер жиналған, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турдағы жеті матчқа жалпы 27 253 көрермен келді, бұл бір ойынға орта есеппен 3 893 жанкүйерден болады.
Ал ең аз көрермен Түркістанда өткен «Туран» мен «Жеңіс» арасындағы ойында тіркелді — 800 жанкүйер.
Жалпы, чемпионат басталғалы ҚПЛ ойындарын 385 412 адам тамашалаған, бұл бір матчқа орта есеппен 4 534 көрерменнен келді.
Қазақстан чемпионатының 12-турындағы матчтарға келушілер саны:
1. «Ордабасы» - «Елімай» - 6 500 көрермен;
2. «Астана» - «Оқжетпес» - 5 953;
3-4. «Қызылжар» - «Ақтөбе» (1:1) - 4 000;
3-4. «Жетісу» - «Қайрат» (2:2) - 4 000;
5. «Қайсар» - «Тобыл» (1:1) - 3 500;
6. «Атырау» - «Ұлытау» (0:1) - 2 500;
7. «Тұран» - «Жеңіс» (0:2) - 800.