«Хумо» қорғаушысы «Торпедо» сапына ауысты

Қорғаушы Станислав Боровиков «Хумо» сапынан «Торпедоға» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ресми түрде жариялаймыз: «Торпедо» хоккей клубы қорғаушы Станислав Боровиковпен келісім шартқа қол қойды. 36 жастағы біздің хоккей мектебінің түлегі өткен маусымда ташкенттік «Хумо» командасының намысын қорғады», - делінген клуб хабарламасында.
Өткен маусымда 36 жастағы хоккейші Қазақстан тұрақты чемпионатындп 39 матч өткізіп, 12 (3+9) ұпай жинады. Плей-офф кезеңіндегі 12 кездесуде оның еншісінде бір гол бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или