Зарина Дияс Испаниядағы жарысты жеңіспен бастады

Зарина Дияс Испаниядағы жарысты жеңіспен бастады


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс ITF турнирінің алғашқы айналымында жеңіске жетті. Бұл бәсеке Испанияның Тауста қаласында өтіп жатыр.

Бірінші кездесуде ол жергілікті спортшы Ракель Гонсалес Вилармен (WTA рейтингінде 934-орын) ойнады. Тартысты матч үш сетке созылып, 6:4, 3:6, 7:5 есебімен Заринаның пайдасына аяқталды. Ойын 2 сағат 18 минутқа жалғасты.

Келесі айналымда отандасымыз испандық Джулиана Гьяччо мен польшалық Мартина Кубка арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Зарина турнирде екінші нөмірмен тіркелген негізгі фавориттердің бірі. Бірінші нөмірде — Нидерланд елінің өкілі Ева Веддер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или