«Монтеррей» мен «Интер» клубтық әлем чемпионатын тең нәтижемен бастады

АҚШ-та клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі матчта Мексиканың «Монтеррей» командасы Италияның «Интерімен» тең түсті – 1:1, деп хабарлайды Prosports.kz.
25-минутта мексикалық клубтың қорғаушысы Серхио Рамос есеп ашты. Ал бірінші таймның соңына қарай «Интердің» капитаны Лаутаро Мартинес таразы басын теңестірді (42-минут).
Екінші таймда қос команда бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, гол соғылмады.
Айта кетейік, бұл матч «Интердің» жаңа бас бапкері Кристиан Кивудың командадағы алғашқы ойыны болды. Аталған ұжымдар E тобында өнер көрсетіп жатыр. Бұл топта сондай-ақ жапониялық «Урава Ред Даймондс» пен аргентиналық «Ривер Плейт» бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или