Путинцева - Шрамкова кездесуінің тікелей трансляциясы

Путинцева - Шрамкова кездесуінің тікелей трансляциясы


Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Ноттингемдегі жарыстың екінші айналымында Словакия өкілі Ребекка Шрамковамен кортқа шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Путинцева жергілікті теннисші Ханна Клагманды еш қиындықсыз екі сетте жеңді – 6:2, 6:2. Бұл матч небәрі 1 сағат 10 минутқа созылды.

Ал Шрамкова германиялық Лаура Зигемундпен үш сетке созылған тартысты кездесуде ғана жеңіске жетті – 7:6, 4:6, 7:6. Олар кортта 3 сағат 15 минут өткізген.

Путинцева мен Шрамкованың кездесуі Нұр-Сұлтан уақытымен 16:30-да басталады. Ойынды тікелей эфирден мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или