МакГрегор Ибицадағы түнгі клубта жанжал шығарды

МакГрегор Ибицадағы түнгі клубта жанжал шығарды


UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор Испанияның Ибица аралындағы түнгі клубта жанжалға себепкер болды, деп хабарлайды Prosports.kz News.sportbox.ru сайтына сілтеме жасап.

Оқиға сейсенбі күні таңға жуық Pacha клубында болған. Куәгерлер түсірген бейнежазбада МакГрегор би алаңының жанында бір ер адаммен сөйлесіп тұрғаны көрінеді. Кенеттен ол әлгі адамға екі мәрте жұдырық жұмсап, жәбірленуші еденге құлаған. Оны күзетшілер клубтан шығарып жіберген, ал МакГрегор іште қалған.

Клуб қонақтарының бірі жанжалдың шығуына әңгіменің өзі себеп болуы мүмкін екенін айтқан.

Еске салайық, Конор МакГрегор соңғы рет 2021 жылдың жазында октагонға шығып, Дастин Порьеге есе жіберген болатын. Ол 2024 жылдың соңында мансабын қайта жалғастырғысы келетінін бірнеше рет мәлімдеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или