Елена Рыбакина Берлиндегі жарыстың алғашқы матчында жеңіске жетті

Елена Рыбакина Берлиндегі жарыстың алғашқы матчында жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11-орын) Берлинде (Германия) өтіп жатқан турнирде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина бірінші раундта америкалық Эшлин Крюгермен (33-орын) кездесіп, екі сетте – 6:3, 7:6 есебімен жеңді. Еленаның турнирдегі келесі қарсыласы жұптық сайыста әлемнің бірінші ракеткасы болып табылатын чех теннисшісі Катерина Синякова (74-орын) болмақ.

Еске салайық, Елена Рыбакина биыл Эшлин Крюгермен ойнаған болатын. Майамиде (АҚШ) өткен турнирде америкалық сенсация жасап, үш сетте жеңіске жетті - 6:4, 2:6, 6:4.

Берлиндегі турнирдің биыл оның жүлде қоры 925 661 еуроны құрайды. Жеңімпаз 142 610 еуро жинап, 500 рейтингтік ұпайға ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или