Жағажай волейболынан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан жастар құрамасы белгілі болды
 
                  18 маусымда Таиландтың Ройет қаласында жағажай волейболынан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрлықтық додада ел намысын төрт жұп қорғайды.
Жүлделі орындар үшін Клим Рюхов / Владислав Мастихин, Даниил Сороковский / Әлихан Ағабек, Надежда Иванченко / Гаянэ Галаш, Екатерина Рюхова / Кристина Каримова жұптары сынға түседі.
Жалпы жарысқа 16 елдің командалары қатысады.
Азия чемпионаты 22 маусымда аяқталады.
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или