Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық, әлемнің 275-ракеткасы Зарина Дияс Таусте (Испания) өтіп жатқан ITF W35 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың екінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық спортшы алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 934-орында тұрған испаниялық, 21 жастағы Ракель Гонсалеспен кездесті.

Бірінші партияда Зарина 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде жергілікті теннисші есе қайырды — 6:3. Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші жеңісті жұлып алды — 7:5.

Тартысты матч 2 сағат 18 минутқа созылды. Зарина Диястың келесі қарсыласы кейін анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или