Жеңілмеген дағыстандық OCTAGON 74 турнирінде бразилиялықпен жекпе-жек өткізеді

Алматыда өтетiн OCTAGON 74 турниріне қатысушылардың кезекті жұбы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
21 маусымда Алматыда жартылай орта салмақтағы ұйымның бұрынғы чемпионы, Дағыстанның жеңілмеген тумасы, қазір Бахрейн атынан өнер көрсетіп жүрген Магомед Магомедов (14-0) октагонға оралад.
Жеңіліссіз келе жатқан жауынгердің қарсыласы «Питбуль» лақап аты бар тәжірибелі бразилиялық Магно Де Соуза (14-6) болады.
Кештің басты айқасында аса жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін екі қазақстандық файтер Ерасыл Шукатаев (12-4) пен оның отандасы Аскар Жақсылықов (6-2) күш сынасады.
Ко-мейн ивентте ТМД кеңістігінде танымал, поп-ММА мен аралас жекпе-жектерде аты шыққан Даниял «Т-34» Эльбаев (11-5) пен қазақстандық Константин Меркулов (5-4) арасында жекпе-жек өтеді.
OCTAGON 74 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады
Турнирдің бас серіктесі – UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі – 1XBEТ букмекерлік компаниясы
OCTAGON 74 турнирінің ресми серіктесі – Gorilla Energy Drink