Дастан Сәтпаев – Қазақстан премьер лигасындағы ең қымбат ойыншы

«Transfermarkt» порталы ҚПЛ футболшыларының нарықтағы жаңартылған құнын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жаңа рейтингте 16 жасар қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев көш басына шыққан. Биыл керемет өнер көрсетіп жүрген алматылық «Қайрат» клубының жас футболшысы 1,3 млн еуроға қымбаттаған.
Премьер-лигадағы қымбат футболшылардың тізімі мынадай:
- Дастан Сәтпаев, («Қайрат») – 1,8 млн еуро
- Валерий Громыко, («Қайрат») – 1,2 млн
- Гиоргий Зария, («Қайрат») – 900 мың
- Егор Сорокин, («Қайрат») – 900 мың
- Ислам Чесноков, («Тобыл») – 900 мың
- Әлібек Қасым, («Ақтөбе») – 850 мың
- Назми Грипши, («Астана») – 850 мың
- Осман Камара, («Астана») – 850 мың
- Юг Станоев, («Қайрат») – 800 мың
- Бранимир Калаица, («Астана») – 800 мың
- Офри Арад, («Қайрат») – 800 мың
- Макс Эбонг, («Астана») – 800 мың.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или