Грек-рим күресінен ұлттық құрама бас бапкері тағайындалды

Грек-рим күресінен ұлттық құрама бас бапкері тағайындалды

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Руслан Есеналиннің бұйрығымен Қонысбек Төкенов Қазақстанның грек-рим күресінен ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Юрий Мельниченко енді жаңа бас бапкердің кеңесшісі ретінде жұмыс істейтін болады. Юрий Мельниченконың басшылығымен Қазақстан Париж Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды (Демеу Жадраев), сондай-ақ өткен әлем чемпионатында да күміс медаль еншіледі (Ержет Жарлықасын).

Қонысбек Кәрімұлы бұған дейін Қазақстанның 20 жасқа дейінгі жастар құрамасының аға бапкері қызметін атқарған.

Қонысбек Төкенов үшін бас бапкер ретіндегі алғашқы ресми халықаралық турнир 17-20 шілде аралығында Будапештте өтетін рейтингтік турнир болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или