Максим Мейірлан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Максим Мейірлан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Мейірлан Максим Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатының келесі айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресетін қазақстандық дзюдошы жеңіс жолын жалғастыруда. Әлем чемпионатының екінші айналымында Максим Мейірлан доминикандық қарсыласы Роберт Флорентиноны Golden Score қосымша уақытында жеңді. Мейірлан Максим тиімді әдіс жасап, «юко» ұпайын еншіледі.

Мейірланның келесі қарсыласы — қазіргі әлем чемпионы Гоки Таджима (Жапония). 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или