Бүгін қазақстандық клубтардың еурокубоктағы қарсыластары анықталады

Бүгін қазақстандық клубтардың еурокубоктағы қарсыластары анықталады

Бүгін, 17 маусымда Швейцарияның Ньон қаласында футболдан 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Биыл алматылық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасында сынға түссе, «Ақтөбе» Еуропа лигасында, «Ордабасы» мен «Астана» Конференция лигасына қатысады.

Қазақстандық уақытпен 17:00–де «Қайрат» аталған турнирдің бірінші кезеңіндегі қарсыласын анықтайды. 

«Қайраттың» қарсыласы келесі командалардың бірі болуы мүмкін:

  • «Лудогорец» (Разград, Болгария)
  • «Олимпия» (Любляна, Словения)
  • «Зриньски» (Мостар, Босния және Герцеговина)
  • «Будучность» (Подгорица, Черногория)

ЧЛ-ның алғашқы іріктеу кезеңінің матчтары 8/9 және 15/16 шілде күндері өтеді.

Ал Еуропа лигасының жеребесі 18:00–ге белгіленген. «Ақтөбе» еурокубоктағы жорығын бірінші кезеңнен бастайды.

«Ақтөбенің» қарсыласы келесі командалардың бірі болуы мүмкін:

  • «Легия» (Варшава, Польша)
  • «Партизан» (Белград, Сербия)
  • ЧФР-Клуж (Румыния)
  • «Хапоэль» (Беэр-Шева, Израиль)

ЕЛ-ның алғашқы іріктеу кезеңінің матчтары 10 және 17 шілде күндері өтеді.

Сондай-ақ 19:00–де Конференция лигасы бірінші кезеңінің жеребесі белгілі болады. Онда «Ордабасы» жарыстың аталған сатысында қай командамен сынға түсетіні анықталады. 

Шымкенттіктердің қарсыласы келесі командалардың бірі болуы мүмкін:

  • «Неман» (Гродно, Беларусь)
  • «Биркиркара» (Мальта)
  • «Торпедо» (Кутаиси, Грузия)
  • «Силекс» (Солтүстік Македония)

КЛ-ның алғашқы іріктеу кезеңінің матчтары 10 және 17 шілде күндері өтеді.

Ал «Астана» клубы УЕФА Конференция лигасын екінші кезеңнен бастайды. Оның жеребесі ертең өтеді. Екінші раунд 24 және 31 шілде күндеріне жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или