Максим Мейірлан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстандық дзюдошы Максим Мейірлан Будапештте (Мажарстан) дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлем чемпионатының бесінші күні татамиге шыққан Максим Мейірлан франциялық дзюдошы Алексис Мэтьюге қарсы күресіп, соңғы секундтарда «юко» ұпайын еншілеп жеңіске жетті. Қарсыласы әлемдік рейтингте 6-шы орында тұр, ал Максим 49-орында.
Айта кетейік, отандасымыз 1/16 финалда доминикандық Роберт Флорентиномен белдеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или