Дулат Бекбауов Алматыда өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді

Дулат Бекбауов Алматыда өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов 11 шілде күні Алматыда өтетін бокс кешіне қатысады.

Белгілі спорт журналисі Уалихан Қосанбай хабарлағандай, Дулаттан өзге Илья Калинин, Елнұр Сүйінбай, Армат Арманұлы және Саматәлі Төлтаев сынды боксшылар да шаршы алаңға шығады.

Бокс кеші мен қарсыластары туралы ақпарат кейінірек жарияланатын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или