Қазақстанда жаңа хоккей клубы құрылды

«Туран Тайгерс» Jastar Hokey Ligasy қатарына қосылады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Түркістанда «Туран Тайгерс» атты жаңа жастар хоккей клубы құрылып жатыр. Команда келесі маусымда Jastar Hokey Ligasy турнирінде дебют жасайды.
Команданың бас бапкері болып Мейрам Думатов тағайындалды. Маман бұған дейін Канск қаласының «Шторм» балалар командасын басқарған, сонымен қатар Ресей чемпионатының «Сибирь» дивизионында өнер көрсететін Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің студенттік клубының хоккейшілерімен жұмыс істеген.
Клубтың Қазақстан хоккей федерациясына клубтан ресми өтініш келіп түсті, қазір құжаттар рәсімделіп жатыр, деп хабарлады Shaiba.kz.
«Туран Тайгерстің» алғашқы оқу-жаттығу жиыны шілде айының басына жоспарланған.
Сонымен қатар, клуб 2005-2009 жылы туылған ойыншыларды жинап жатыр.