Дзюдодан әлем чемпионатының тікелей трансляциясы

Будапештте дзюдодан 2025 жылғы әлем чемпионатының бесінші жарыс күні өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін Қазақстан құрамасынан татамиге Мейірлан Максим (90 келі) шығады.
Алғашқы кезең сағат 14:00-де басталады: әйелдер, 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесі, ерлер, 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі.
Ақтық кезең 21:00-де басталады: әйелдер, 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесі, ерлер, 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі.
Жекпе-жектердің тікелей трансляциясын осы жерден көре аласыздар.
Қазіргі уақытта әлем чемпионатында біздің құраманың қоржынында бір медаль бар:
Ерлер
60 кг. Мағжан Шамшадин - 7 орын (жұбаныш кезеңі)
Шерзод Давлатов - 1/16 финал
66 кг. Ғұсман Қырғызбаев - 7-орын (жұбаныш кезеңі)
73 кг. Есет Қуанов - 1/16 финал
81 кг. Абылайхан Жұбаназар – 1/8 финал
Әйелдер
48 кг. Абиба Абужакынова - күміс
Ғалия Тынбаева - 1/32 финал
63 кг. Эсмигуль Куюлова - 1/32 финал
Әлем чемпионатының қалған күндерінде мына спортшылар өнер көрсетеді:
17 маусым
90 кг. Мейрлан Максим
18 маусым
100 кг. Нурлыхан Шархан және Марат Байкамуров
19 маусым
100 + кг. Ерасыл Қажыбаев
20 маусым
Командалық жарыс