«Қайрат» «Виктория Пльзень» шабуылшысын қатарына қосуға жақын

«Қайрат» «Виктория Пльзень» шабуылшысын қатарына қосуға жақын

Қазақстанның қазіргі чемпионы «Қайрат» «Виктория» Пльзень командасының бразилиялық шабуылшысы Рикардиньоны қатарына қосуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдағы күндері форвард Алматыға медициналық тексерістен өтіп, жаңа клубымен келісімшарт жасау үшін келеді.

Рикардиньоның соңғы клубы — Израильдің «Маккаби Хайфа» командасы болды. Онда ол жалда өнер көрсетіп, 11 матчта бір гол соқты.

Бразилиялық шабуылшы «Сан-Паулу» клубының түлегі. Сондай-ақ ол «Гремио», «Атлетико Гойяньенсе», Португалияның «Маритиму» және Болгарияның «Левски» клубтарында өнер көрсеткен.

Transfermarkt порталы Рикардиньоны 800 мың еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или