«Астана» шабандозы «Швейцария турының» екінші кезеңінде 16-орын алды

Бүгін «Швейцария туры» көпкүндік веложарысының екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кезең жеңімпазы EF Education-EasyPost командасынан италиялық Винченцо Альбанезе атанды. Екінші болып Q36.5 Pro командасының өкілі, швейцариялық Фабио Кристен келді. Үздік үштікті Groupama-FDJ командасынан ұлыбританиялық Льюис Аски түйіндеді.
«Астана» сапында үздік нәтижені Антон Чармиг көрсетті. Ол мәреге 16-болып жетті. «Астана» шабандоздарының нәтижелерә: Альберто Беттиоль — 24-орын, Клеман Шампуссен — 37, Никола Кончи — 67, Лоренцо Фортунато — 77, Фаусто Маснада — 119, Давиде Баллерини — 132-орын.
«Швейцария туры». Екінші кезең. Aarau — Schwarzsee. 177 шақырым
1. Винченцо Альбанезе (Италия, EF Education-EasyPost) — 3:55:57
2. Фабио Кристен (Швейцария, Q36.5 Pro)
3. Льюис Аски (Қлыбритания, Groupama-FDJ)
16. Антон Чармиг (Дания, «Астана»)
24. Альберто Беттиоль (Италия, «Астана»)
37. Клеман Шампуссен (Франция, «Астана»)
67. Никола Кончи (Италия, «Астана»)
77. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана»)
119. Фаусто Маснада (Италия, «Астана») — +8:12
132. Давиде Баллерини (Италия, «Астана»)
Жалпы есеп:
1. Ромен Грегуар (Франция, Groupama-FDJ) — 6:46:01
2. Кевин Воклен (Франция, Arkéa-B&B Hotels) — +0:25
3. Барт Леммен (Нидерланд, Visma | Lease a Bike) — +0:27
16. Никола Кончи (Италия, «Астана») — +1:37
20. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана»)
27. Клеман Шампуссен (Франция, «Астана») — +3:23
60. Антон Чармиг (Дания, «Астана») — +6:02
79. Альберто Беттиоль (Италия, «Астана») — +11:29
123. Фаусто Маснада (Италия, «Астана») — +19:38
133. Давиде Баллерини (Италия, «Астана»).