«Ақтөбе» әйелдер командасы Қазақстан чемпионатының рекордын жаңартты
«Ақтөбе» әйелдер командасы 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты аясындағы бір матчтағы нәтижелілік бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әйелдер лигасының 9-туры аясында сырт алаңдағы матчта «Ақтөбе» әйелдер командасы «Оқжетпесті» 24:0 есебімен жеңді. Қырғызстандық шабуылшы Алина Литвиненко бұл ойында 10 гол соғып, кездесудің үздік сұрмергені атанды. Футболшы осы маусымның тоғыз турында жалпы 31 голмен көзге түсті.
Бүгінгі матчта «Ақтөбе» маусымдағы жеке рекордын жаңартты. Бұған дейін алтыншы турда олар «Атырауды» 19:0 есебімен жеңген болатын.
Айта кетейік, 9-турдан кейін «Ақтөбе» Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или