Самородовтың клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Самородовтың клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Ресейлік маман Александр Сторожук «Ахмат» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ахмат» футбол клубының бас бапкері қызметіне Александр Сторожук тағайындалды. Мамамен үш жылдық келісімшартқа қол қойылды.

Грозный клубына келмей тұрып, Сторожук 2023 жылдың қаңтарынан бері тулалық «Арсенал» командасын жаттықтырған.

Ол ұзақ жылдар бойы «Краснодар» клубының жүйесінде жұмыс істеді, ал 2022 жылдың шілдесінен 2023 жылдың қаңтарына дейін «Краснодар» клубының бас командасын жаттықтырды», – деп жазды грозныйлық клубтың баспасөз қызметі.

Еске салайық, «Ахмат» сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или