Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатының ширек финалына шыға алмады

Дзюдодан Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында қазақстандық палуан Абылайхан Жұбаназар ресейлік Тимур Арбузовпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нәтижесінде қарсыласы иппон әдісімен жеңіп кетті. Қарсыласы 2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және осы жылы Еуропа чемпионатында топ жарған.
Отандасымыз бұған дейінгі екі кездесуінде жеңіске жеткен болатын. 81 келі салмақта күресетін отандасымыз алғашқы белдесуінде молдовандық Петру Пеливанды «юко» ұпайымен жеңіп, келесі айналымға өтті. Ал жарыстың екінші айналымында бразилиялық Габриэль Фалькаоны жеңіп, 1/8 финалға жолдама алған еді.
Осылайша, Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші күні қазақстандық дзюдошылар үшін жүлдесіз аяқталды. Қазақстан қоржынында қазіргі уақытта бір ғана күміс жүлде бар. Оны алғашқы күні Әбиба Әбужақынова алған еді.