Алматылық «Қайраттың» бас бапкері ауысуы мүмкін

54 жастағы ресейлік маман Леонид Слуцкий алматылық «Қайрат» командасының бас бапкері атануы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Қайрат» соңғы уақытта Премьер-лигада тұрақсыз ойын көрсетіп келеді. Соңғы турларда «Оқжетпес» (1:2) және «Елімай» (0:1) клубтарынан жеңіліп қалды. Өткен турда «Жетісумен» (2:2) тең ойнады. Егер алдағы матчтарда команда нәтижесі мен ойыны жақсармаса, алматылық клуб басшылығы жаңа бапкердің кандидатурасын қарайтын болады. Бір нұсқа атақты ресейлік жаттықтырушы Леонид Слуцкий болуы мүмкін.
Сондай-ақ биыл Қазақстан кубогында шымкенттік «Ордабасы» (0:1) клубынан жеңіліп қалды.
Қазір маман Қытайдың «Шанхай Шенху«» командасын баптайды. Ол бұған дейін Ресейдің «Рубин», ЦСКА, нидерландтық «Витесс», ағылшындық «Халл Сити» клубтарының тізгінін ұстаған білікті маман.