Қазақстандық жеңілмеген жауынгер OCTAGON 74-те өнер көрсетеді

Қазақстандық жеңілмеген жауынгер OCTAGON 74-те өнер көрсетеді

21 маусымда Алматыда өтетін OCTAGON 74 жекпе-жек ивентіне қатысушылардың кезекті жұбы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақта сегізбұрышқа жеңілмеген қазақстандық жауынгер Қожахмет Иманғали (6-0) шығады, оған «Қасқыр» лақап атымен бразилиялық Веллингтон Перейра (10-8) қарсы тұрады.


Кештің басты айқасында аса жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін екі қазақстандық файтер Ерасыл Шукатаев (12-4) пен оның отандасы Аскар Жақсылықов (6-2) күш сынасады.

Ко-мейн ивентте ТМД кеңістігінде танымал, поп-ММА мен аралас жекпе-жектерде аты шыққан Даниял «Т-34» Эльбаев (11-5) пен қазақстандық Константин Меркулов (5-4) арасында жекпе-жек өтеді.


OCTAGON 74 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі – UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі – 1XBEТ букмекерлік компаниясы

OCTAGON 74 турнирінің ресми серіктесі – Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или