Қазақстандық шахматшылар Англияда өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті

Қазақстандық шахматшылар Англияда өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті

Қазақстандық шахматшылар Лондонда (Англия) өткен блиц бойынша командалық әлем чемпионатында тамаша нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

KazChess ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте күміс медаль еншілеп, жекелей сында алты бірдей марапатқа қол жеткізген. 

Жарыс барысында қазақстандық команда жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, әлемдегі ең мықты командалардың қатарынан көрінді. Топтық кезеңде KazChess екінші орынды иеленіп, плей-офф кезеңінде Rookies (1/8 финал), Freedom (ширек финал) және Uzbekistan (жартылай финал) командаларын жеңді. Ақтық сында KazChess құрамасы WR Chess Team командасынан жеңіліп, турнирдің күміс жүлдегері атанды. Команда 50 000 еуро көлемінде жүлде иеленді.

Жекелей есепте де қазақстандық шахматшылар үздік нәтиже көрсетті. Ерғали Сүлеймен (Rookies, 7-доска) және Алдияр Сайлаубай (Ashdod Elit Chess Club, 9-доска) алтын медаль иеленді. Күміс жүлде Алдияр Ансатқа (KazChess, 6-доска), Ксения Балабаеваға (Barys.kz, 7-доска) және Дармен Дәуренге (Rookies, 9-доска) бұйырды. Ал Даниял Сапенов (Rookies, 2-доска) қола медаль жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или