Семсерлесуден Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

Индонезияның бали қаласында семсерлесуден XXVII Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Семсерлесуден 17-23 маусым аралығында алғаш рет Бали (Индонезия) XXVII Азия чемпионатын қабылдамақ. Сары құрлықтың додасында ел намысын 23 спортшы қорғайды.
Сапы
Ерлер: Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходов
Әйелдер. Владислава Андреева, София Николайчук, Виктория Кайдарова, Каролина Фомина
Қылыш
Ерлер: Артем Саркисян, Назарбай Саттархан, Бақдәулет Құралбекұлы, Жанат Набиев
Әйелдер: Айгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик, Татьяна Приходько
Найза
Ерлер: Ғалым Нұрымов, Тимофей Семенов, Тамерлан Қалиев
Әйелдер. София Актаева, Алена Гноева, Гүлжан Түсіпбекова
Айта кетейік, өткен жылы жерлестеріміз Азия чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алған еді.