Қазақстандық таеквондошылар халықаралық турнирлерде 8 медаль еншіледі

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы АҚШ пен Аустрияда өткен халықаралық турнирлерде олжалы болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған бәсекелерде қазақстандық спортшылар 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.
Аустрияның Инсбрук қаласында өткен Austrian Open турнирінде Азиза Қаражанова (53 келі) мен Бейбарыс Қабылан (+87 келі) алтыннан алқа тақты. Айдана Сүндетбай (53 келі) күміс еншілесе, Нұрқанат Қожахмет (87 келі) пен Мерген Ғаниев (80 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.
Американың Шарлотт қаласында өткен Гран-приде Нодира Ахмедова (49 келі) күміс олжалады, ал Тамерлан Тілеулес (58 келі) пен Батырхан Төлеуғали (80 келі) қола медаль алды.
Айта кетейік, АҚШ-та жүлде алған спортшылар 2026 жылы Римде (Италия) өтетін Гран-при турниріне жолдама иеленді.