Дзюдо. Әлем чемпионаты: 16 маусымда ел құрамасынан кімдер татамиге шығады

Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан бүгін, 16 маусымда екі балуан сынға түседі, деп хабарлайды Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ел құрамасынан әйелдер арасында Эсмигүл Куюлова (63 келі), ерлер арасында Абылайхан Жұбаназар (81 келі) сайысқа түседі.
Ал ертең, 17 маусымда Мейірлан Максим (90 келі) татамиге шығады.
Сондай-ақ 18 маусымда Нұрлыхан Шархан (100 келі) және Марат Байкамуров (100 келі), 19 маусымда Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) жүлдені сарапқа салады.
Қазірге дейін әлем чемпионатында ел құрамасынан Әбиба Әбужақынова (48 келі) күміс жүлдегер атанса, Мағжан Шамшадин (60 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Ғалия Тынбаева (48 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Есет Қуанов (72 келі) жарысты ерте аяқтады.