WTA рейтингі: Қазақстандық теннисшілердің орындары қандай?

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Лондондағы (Ұлыбритания) турнир қорытындысы бойынша спортшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекелей рейтингтің көшбасшысы - беларусь Арина Соболенко.
Қазақстанның ең мықты өкілі Елена Рыбакина 11-орында қалды. Еске салайық, Лондондағы турнирдің ширек финалында ол неміс Татьяна Мариядан екі сетте – 4:6, 6:7 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваның да позициясы өзгермей, 27-орынға жайғасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или