«Астана» шабандозы «Швейцария турының» 1-кезеңінде үздік ондыққа енді

Бүгін «Швейцария туры» көпкүндік веложарысы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кезеңнің бірінші және екінші нәтижелерін Groupama-FDJ командасының франциялық шабандоздары Ромен Грегуар және Arkéa-B&B Hotels командасынан Кевин Воклен көрсетті. Үшінші орын Visma | Lease a Bike командасынан нидерландылық Барт Лемменге бұйырды.
«Астана» шабандоздар арасындағы үздік нәтижені мәреге оныншы болып келген Никола Кончи көрсетті.
«Швейцария туры». Бірінші тур. Küssnacht — Küssnacht. 129.4 километр.
1. Ромен Грегуар (Франция, Groupama-FDJ) — 2:50:15
2. Кевин Воклен (Франция, Arkéa-B&B Hotels) — +0:20
3. Барт Леммен (Нидерланды, Visma | Lease a Bike)
10. Никола Кончи (Италия, «Астана») — +1:26
12. Давиде Баллерини (Италия, «Астана»)
27. Клеман Шампуссен (Франция, «Астана») — +3:12
63. Антон Чармиг (Дания, «Астана») — +5:51
83. Фаусто Маснада (Италия, «Астана») — +11:15
118. Альберто Беттиоль (Италия, «Астана»)
128. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана»).