Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте төмендеді

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте төмендеді

Boxrec.com сайты орта салмақтағы боксшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орында тұрған қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) екінші сатыға сырғыды. Оның орнына дивизионның көшбасшысы кубалық боксшы Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) болды. Үшінші орында британиялық кіші Крис Юбанк (35-3, 25 КО) тұр, ал төртінші орынды Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) иеленді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Басқа чемпиондарға келетін болсақ, Эрисланди Лара WBA белбеуінің иегері, Карлос Адамес WBC титулының және Крис Юбанк IBO титулының иегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или