«Барселона» Клубтар арасындағы әлем чемпионатына неге қатыса алмады?

«Барселона» Клубтар арасындағы әлем чемпионатына неге қатыса алмады?

Мексикалық «Леон» мен «Пачука» клубының иесі бір болғандықтан, бірінші команда Кулбтар арасындағы әлем чемпионатынан шеттетілді, деп хабарлайды  Prosports.kz.

Осыған орай «Барселона» басшылары «Леонның» орнын басып, турнирге қатысуға ниет білдірген. Бірақ ФИФА бұл өтінішті қабыл алмады. 

ФИФА бос орынды КОНКАКАФ аймағындағы клуб алуы керек деп шешті. Жолдаманы «Лос-Анджелес» пен «Америка» сарапқа салды  — америкалық команда қосымша уақытта жеңіске жетіп (2:1), турнирге жолдама алды. 

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты 15 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді. Турнирге әлемнің әр түкпірінен жиналған 32 команда қатысып жатыр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или