Гаттузо Италия құрамасының бас бапкері атанды

Гаттузо Италия құрамасының бас бапкері атанды


Италия құрамасының тізгінін енді аты аңызға айналған Дженнаро Гаттузо ұстайды. 47 жастағы маман Еуро-2024 турнирінен кейін қызметінен кеткен Лучано Спаллеттидің орнын басты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты sports.ru-ға сілтеме жасап.

Италия футбол федерациясы әзірге жаңа бапкермен келісімнің нақты шарттарын жариялаған жоқ. Дегенмен, бұқаралық ақпарат құралдарының дерегінше, Гаттузоның бапкерлік штабына бұрынғы қорғаушылар Леонардо Бонуччи мен Андреа Бардзальи қосылуы мүмкін. Сондай-ақ, Джанлука Дзамбротта мен Симоне Перротта Club Italia құрылымында белгілі бір қызметтерге тағайындалуы ықтимал.

Айта кетейік, Гаттузо соңғы рет Хорватияның «Хайдук» клубын жаттықтырған. Бұған дейін ол «Милан», «Наполи», «Валенсия» және «Марсель» сынды клубтарда да бас бапкерлік қызмет атқарған. 2006 жылғы әлем чемпионы енді ұлттық құрама деңгейінде өзін көрсетпек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или