Есет Куанов әлем чемпионатын ерте аяқтады

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Есет Куанов Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады.
73 келі салмақта белдескен спортшымыз жарысты екінші айналымнан бастады. Оның алғашқы қарсыласы – Токиодағы Олимпиадада аралас командалық сында алтын, жеке жарыста күміс алған француз дзюдошысы Жоан-Бенжамен Габа болды.
Өкінішке қарай, бұл белдесуде Есет Габадан жеңіліп, жарыс жолынан ерте шығып қалды. Осылайша, ол 1/8 финалға өте алмады.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде бір ғана медаль бар – 48 келіде белдескен Абиба Әбужақынова күміс жүлдегер атанған. Ертең татамиге Абылайхан Жұбаназар (81 кг) мен Эсмигүл Қуюлова (63 кг) шығады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или