«Барселона» жазда құрамын тазартпақ: Флик төрт бірдей ойыншыдан бас тартты

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы Сәкен Бибосынов кәсіпқой боксқа өту туралы ұсыныстар алып жатқанын айтты. Алайда боксшы әзірге ұлттық құрамадағы өнеріне басымдық беріп отыр.
«Ұсыныстар түсіп жатыр. Бірақ мен әзірге Қазақстан құрамасында жүріп, жарыстарға дайындалып жатырмын. Қазір нақты шешім қабылдайтын уақыт емес. Егер сенімді ұсыныс пен болашаққа кепілдік беретін нұсқа болса, ойланып көруге болады», – деді ол «Спорт Министрі» YouTube арнасына берген сұхбатында.
Сәкеннің айтуынша, ол ештеңеге асықпайды және болашаққа қатысты маңызды шешімдерді бапкерлермен, Бокс федерациясымен ақылдаса отырып қабылдайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или