«Барселона» жазда құрамын тазартпақ: Флик төрт бірдей ойыншыдан бас тартты

Мадридтік «Атлетико» «Ливерпульдің» сол қапталдағы қорғаушысы Эндрю Робертсонға көз тігіп отыр, деп жазады Prosports.kz СЭ порталына сілтеме жасап.
Мәліметке қарағанда, испаниялық клуб 31 жастағы шотланд қорғаушымен келісімге келуді жоспарлап отыр. Олар ойыншыны не тегін, не болмаса аз ғана өтемақыға алғысы келеді. Себебі Робертсонның ағылшындармен келісімшартының аяқталуына бір-ақ жыл қалған. Ал футболшының өзі Испания астанасына көшіп баруға қарсы емес.
Айта кетейік, бұған дейін «Ливерпульден» тағы бір қорғаушы – Трент Александер-Арнолд «Реалға» ауысқан болатын. Мадридтік клуб оның келісімшарты бітуіне бір ай қалғанда 10 миллион еуро төлеп, трансферді жазда-ақ жүзеге асырған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или