«Барселона» жазда құрамын тазартпақ: Флик төрт бірдей ойыншыдан бас тартты

«Барселона» жазда құрамын тазартпақ: Флик төрт бірдей ойыншыдан бас тартты


«Барселонаның» жаңа бас бапкері Ханс-Дитер Флик келесі маусымға қатысты нақты шешім қабылдап үлгерді. Клуб бірден төрт футболшымен қоштасуды жоспарлап отыр.

Қақпашы Иньяки Пенья, жартылай қорғаушы Пабло Торре, шабуылшылар Ансу Фати мен Пау Виктор – енді «Барса» сапынан кететін футболшылар қатарында. Бұл туралы ойыншыларға клубтың спорт директоры Деку ашық айтқан.

Оларға жаңа маусымда негізгі құрамнан орын бұйырмайтыны жеткізілді. Сол себепті футболшылар жазғы трансфер кезінде жаңа клуб іздеуге мәжбүр.

Қазіргі мәлімет бойынша, Пенья Ла Лигада қалғысы келеді, Фатиге «Монако» қызығушылық танытып отыр, ал Пау Виктор «Жиронаға» ауысуы мүмкін. Пабло Торренің жағдайы әзірге белгісіз. Ал клуб Азияға (Жапония мен Корея) жол тартып, маусым алдындағы кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или