Қазақстан құрамасы пара волейболдан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

Қазақстан құрамасы пара волейболдан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

2025 жылғы 14 маусымда Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен отырып ойнайтын волейболдан Азия чемпионатының финалында Қазақстанның ерлер құрамасы Қытай командасын 3:2 (22:25, 19:25, 25:19, 25:20, 8:5) есебімен жеңіп, тарихында алғаш рет Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz Sport+ сайтына сілтеме жасап.

Турнир барысында Қазақстан құрамасы топтық кезеңнен сенімді өтті — Сауд Арабиясы, Жапония және Австралия командаларын 3:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда да Тайланд құрамасынан 3:0 есебімен басым түсті.

Чемпионат қорытындысы бойынша:

1-орын — Қазақстан, 2-орын — Қытай, 3-орын — Тайланд

Сонымен қатар, қазақстандық бірнеше ойыншы жеке марапаттарға ие болды:

Үздік подаушы — Ерик КаскабаевҮздік либеро — Шыңғыс МедеуовҮздік блок жасаушы — Алмат Оспанов

«Финал өте тартысты өтті. Алғашқы екі партияда бастаманы Қытай иеленді. Алайда біздің спортшылар намыс пен жеңіске деген жігер танытып, ойынның тағдырын өзгертіп, матчты өз пайдасына аяқтады. Бұл — отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медалі. Бізге сенім білдіріп, қолдау көрсеткен серіктестерімізге — Citi, Sport Qory, „Самұрық-Қазына“ АҚ-ға алғысымызды білдіреміз», — деді құраманың бас бапкері Бауыржан Тахауов.

Отырып ойнайтын волейболдан Азия чемпионаты 6–15 маусым аралығында Ханчжоу қаласында өтті. Турнирге 8 ерлер және 7 әйелдер ұлттық құрамасы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан мен Қытай құрамалары 2026 жылы Қытайда өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или