«Ордабасы» — «Елімай»: Турдың орталық матчы қалай өтеді?

15 маусымда Шымкент қаласына ҚПЛ-дың 12 туры аясында жергілікті «Ордабасы» семейлік «Елімайды» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«Ордабасы»
2023 жылғы Қазақстан чемпионы былтырғы маусымды сәтсіз өткізді. Ел чемпионатында небәрі 4-орын алып, үшінші орындағы «Ақтөбе» Қазақстан кубогын жеңгендіктен ғана Еурокубокқа қатысу мүмкіндігіне ие болды. Ал кубокқа таластан тым ерте, ширек финалда шығып қалған.
Шымкенттік ұжым 2025 жылғы маусымды да сәтсіз бастады. Ел чемпионатында алғашқы 4 тур бойы жеңіске жеткен жоқ. Бірақ 5-турдан бастап қатарынан бес матчта жеңіс тойын тойлады. Өкінішке қарай, бұл сәтті серия 24 мамырда «Ұлытауға» қарсы ойында үзілді. ҚПЛ-ға биыл ғана шыққан ұлытаулық команда сол ойында биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Осыдан кейін «Ордабасы» Астанаға «Жеңіске» қонаққа барып, 2:2 есебімен тең ойнап қайтты. Қазір турнирлік кестеде 15 ұпаймен 7-орында тұр (бірақ 10 ойын ғана өткізген). Халықаралық үзілістен оралған команда өз алаңында «Елімайды» жеңе алмаса, жүлделі орындардан алыстай түседі.
«Елімай»
Семейлік команда ұзақ үзілістен кейін қайта жанданып, былтыр ғана Премль-лигаға оралған. Бірақ жоғары дивизиондағы алғашқы маусымның өзінде жүлде таласуға тырысты. Маусым қорытындысында 6-орынға жайғасты, қола медаль иегерлі «Ақтөбеден» 6 ұпай ғана қалып қойды.
«Елімай» биылғы маусымда да алдына үлкен мақсат қойып отыр. Чемпионаттың алғашқы турында сырт алаңда «Атыраудан» жеңіліп қалғанымен (2:1), одан кейін қатарынан 5 тур бойы жеңілген жоқ. Дегенмен кейінгі 5 тур олар үшін сәтсіз болды. Өз алаңында азулы «Қайратты» жеңгенімен, «Оқжетпес», «Ақтөбе» және «Астанаға» есе жіберіп, «Қызылжармен» тең ойнады. Ол аздай «Қызылжардан» пенальти сериясында жеңіліп, Қазақстан кубогының жартылай финалына шыға алмады. Қазір турнирлік кестеде 17 ұпаймен 6-орында тұр. Бүгін «Ордабасыдан» жеңілсе, төмен сырғитыны анық.
Жеке кездесулер
«Елімай» ҚПЛ-ға былтыр ғана оралғанымен, тарихы терең команда. Қос ұжым бұрын талай кездескен. Бірақ одан бері көп уақыт өтті. Ал былтырғы маусымда қос команда 3 ресми матч өткізді. Ел чемпионаты аясындағы 2 матчтың бірінде «Ордабасы» жеңіп (2:1), бірі тең аяқталды (1:1). Ал Лига кубогының топтық кезеңіндегі ойын 2:2 есебімен аяқталған. Биыл әлі жолдары түйіскен жоқ. Демек өзара кездесуде шымкенттік ұжымның бәсі жоғары тұр.
Болжам
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі бұл кездесуге мынадай коэфициент ұсынады: 2.07 – «Ордабасының» жеңісі, 3.18 – тең нәтиже, 3.58 – «Елімайдың» жеңісі. Сондай-ақ екі команда да гол соғады деген бәске 1.94 коэфициент ұсынып отыр. Бұл бәске тәуекел етуге негіз бар. Өйткені өзара үш ресми кездесудің бәрінде екеуі де гол соққан.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.