Астаналық спортшылар конкурдан халықаралық жарыста 33 медаль жеңіп алды

Астаналық спортшылар конкурдан халықаралық жарыста 33 медаль жеңіп алды

Елордалық спортшылар Ресейдегі конкур жарысынан 33 медаль жеңіп алып, үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Челябинск қаласында «Рифей» олимпиадалық резервінің спорт мектебінің базасында беделді ат жарысы өтті. Онда елордалық спортшылар дайындығының жоғары деңгейде екенін көрсетті. 

Бұл спорттық бәсекеге Астананың атынан «Арғымақ» ат-спорт кешенінің шабандоздары қатысты. Турнир қорытындысы бойынша елордалық спортшылар 12 алтын, 10 күміс және 11 қола жүлдеге ие болды.

Жарыс үш жас санатында өтті: балалар, жасөспірімдер және ересектер. 

«Балалар» номинациясы бойынша астаналық жас қатысушылар үшін бұл алғашқы халықаралық жарыс болды. Олар Қазақстанның намысын абыроймен қорғады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или